Әлем

Әйгілі Мұхаммед Әлиді жеңген боксшы қайтыс болды

Бокстан бұрынғы әлем чемпионы қатерлі дертке шалдығып, 67 жасында өмірден озды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан — Sputnik. Бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Леон Спинкс АҚШ-та 67 жасында қайтыс болды. Ол кезінде әйгілі Мұхаммед Әлиді жеңген еді

Боксшы жұма күні Лас-Вегас қаласында дүниеден озды. Ол бес жыл бойы қатерлік ісікпен күрескен, деп хабарлады РИА Новости KSNV телеарнасына сілтеме жасап.

"Леон көптеген дертке қарсы тұрды, оның жүзінен ешқашан күлкі кеткен емес. Ол нағыз Спинкстерге тән мінезді көрсетіп, ешқашан орамалды тастаған емес (бокста орамалды рингке тастау жеңілісті мойындау болып табылады - ред.)", - деді боксшының әйелі.

Спинкстер отбасы – АҚШ-тағы аса танымал боксшылар әулеті. Оның негізін қалаған Леон мен Майкл 1970-80-жылдары әлем чемпионы болды. Леон 1978 жылы Мұхаммед Әлиді жеңіп, WBC және WBA титулдарын иеленген еді. Бірақ бұл титулдың қуанышын ол жеті ай ғана көрді. Реванш жекпе-жекте Әли оны қайтарып алды.

Әйгілі Мұхаммед Әлиді жеңген боксшы қайтыс болды

Майкл Джинкс Спинкс 1981-1985 жылдары бірінші ауыр салмақтағы чемпиондық атағын ешкімге бермеді. Ал 1986 жылы IBF тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулын иеленді. Ол спорттық мансабын 1988 жылы аяқтады. Өмірінде тек Майкл Тайсоннан ғана жеңілген.