Қоғам

Сурет жарияланды – Димаштың қасындағы бойжеткен кім екені белгілі болды

Қазан айында Димаш Instagram-да бетперде таққан қызбен түскен суретін жариялады. Жанкүйерлері оның кім екенін біле алмай, түрлі болжам жасады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан — Sputnik. Модель Ажар Күнболат Димаш Құдайбергеннің жаңа Golden бейнебаянында басты рөлді ойнады. Әнші бірге түскен суретті Instagram парақшасында жариялады.

Клип сюжеті бойынша жұп бір ұйымның штаб-пәтеріне хакерлік шабуыл жасап, есепшоттарын бұзады. Кейін ұйым олардың соңына түсіп, бойжеткенді ұстап алады. 

Басты кейіпкер ұрланған қаражатты қала тұрғындарының есепшотына жібереді. Бейнебаян соңында Димаштың өзі ойнаған кейіпкер бойжеткенді құтқаруға барады. Оған тұрғындар көмектеседі. 

Қазан айында Димаш Instagram-да бетперде таққан қызбен түскен суретін жариялады. Жанкүйерлері оның кім екенін біле алмай, түрлі болжам жасады. Суреттегі бойжеткен модель Ажар Күнболат екені белгілі болды.

31 қаңтарда Golden бейнебаянының тұсаукесері өтті. Режиссер - Олжас Баялбаев. Ол New York Film Academy-де білім алып, қазақстандық, ресейлік жобаларға қатысқан.

Тағы оқыңыз: Димашты "қырғыз" деп жүргендерге әкесі жауап берді