НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер жаңа сауда кедергілерінің пайда болуына жол бермей, қазіргі кедергілерді жою бойынша жұмыстарды күшейтуі керек. Бұл туралы ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің (ЕҮАК) отырысында Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдеді.
"Біздің елдер арасындағы өзара саудадағы кедергілерді жою жұмыстарын күшейтуіміз керек. Сыртқы сұраныстың шектеулі серпіні жағдайында ЕАЭО ортақ нарығының тиімділігі мен қолжетімділігі үлкен мәнге ие болып отыр", - деді Мамин.
Қазақстан премьері одақтың өндірістік жүйелерінің бәсекелестік артықшылықтарын толық көлемде жүзеге асыру үшін жаңа сауда кедергілерінің пайда болуына жол бермей, қазіргі кедергілерді жою жұмыстарын күшейтуге, тауарлар, қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысына шектеулер мен оларды алып тастауды мейлінше қысқартуға күш салу керек екенін баса айтты.
Асқар Мамин Қазақстанның ірі қалаларында 5G қашан пайда болатынын айтты
Еске салсақ, 5 ақпанда Қазақстанның оңтүстік мегаполисінде Digital Almaty форумы, сонымен қатар, ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Оған Одаққа мүше елдердің үкімет басшылары, ЕЭК министрлері, сондай-ақ, ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттер – Молдова, Өзбекстан мен Куба қатысып отыр.
Шарадан кейін Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин мен ЕЭК алқасының төрағасы Михаил Мясниковичтің БАҚ өкілдеріне сұқбаты жоспарланған.
Айта кету керек, Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысын өткізу барысында санитарлық талаптар қатаң сақталған.