Оқиға

Шығыс Қазақстанда дәрігерлер жол апатына түсті – қайтыс болғандар бар

ДАФ" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жедел медициналық жәрдем көлігімен соқтығысты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті. Көлікте болған екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.  

Шығыс Қазақстанда дәрігерлер жол апатына түсті – қайтыс болғандар бар

Ресми мәліметке сәйкес, 3 ақпан күні "ДАФ" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Өскемен қаласынан Семейға қарай шыққан. Артында тіркемесі болған. Кешкі сағат 19:25 шамасында 29 жастағы ер адам көктайғақ пен бұрқасын салдарынан рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сол кезде дәл алдынан "ГАЗ-A31R23" маркалы жедел медициналық жәрдем автомобилі шыққан. 

"Жол-көлік апатынан 1972 және 1979 жылдары туған жедел медициналық жәрдемнің 2 жолаушысы ауыр дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. 44 жастағы жедел медициналық жәрдем жүргізушісі дене жарақатымен Семей қаласының ауруханасына жеткізілді", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы,  абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамалары тағайындалды.

Қарағанды облысында полицейлер жантүршігерлік жол апатына ұшырады

Айта кетейік, бұл бап бойынша белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.