Өңірлер

Талдықорғанда қарттар зейнетақысын ұрлап кетті

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан — Sputnik. Белгісіз ер адам шамамен бір жарым миллион теңгені қолды етті. Бұл қаражат Талдықорғандағы қарттар үйінің қарияларына тиесілі болған.

3 ақпан күні пошта қызметкеріне шабуыл жасалды. Дәл осы қылмыс сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған.
Талдықорғанның полиция басқармасы ақпаратына сәйкес, таңертең поштада ызмет атқаратын 53 жастағы әйел кезекші бөлімге хабарласқан. Оның айтуынша, қарттар үйіне келе жатқан кезде сыртынан торуылдап тұрған белгісіз ер адам велосипед жәшігінде жатқан пакетті ұрлап кеткен, деп хабарлайды polisia.kz.

"Пакетте шамамен бір жарым миллион теңге болды. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде 40 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын ұсталды. Ол қылмысты мойындады. Күдікті бұған дейін сотты болған", - дед Талдықорған полициясы басқармасының басшысы Асқар Нұрсап.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабының 1-бөлігі бойынша ("Ұрлық") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.