Дизайнерлер әйел адамдарға арналған киімдер үшін көбіне сұр түсті қолданса, ерлер үшін ашық сарыны жиі пайдаланған.
Париж, Милан, Берлин, Эр-Рияд пен Порт-о-Пренстегі сән подиумі эклектикалық ерекшеліктері бар сән киімдерін ұсынды.
Сән үлгілерінің көрсетілімінде абайядан бастап кең пішінді күртешелерге дейінгі барлық киімдер 2021 жылдың түсінде тігілген.
Сән көрсетілімі қалай өтті және дизайнерлер қос түсті қалай үйлестіргенін фотосуреттер топтамасынан тамашалаңыздар.
Оқи отырыңыз: Өткен ғасырда вакциналау қалай жүргізілді – фото
1 / 18
Миландағы сән апталығы кезінде көрерменге ұсынылған K-Way Fall/Winter 2021 ерлерге арналған топтама. Дизайнерлер сұр түстің барлық реңіне мән бергені байқалады. Әйтсе де, сары түс басымдылыққа ие болып тұр.
© REUTERS / ALESSANDRO GAROFALO
2 / 18
Бұл түс тек киімдерде ғана емес, аксессуарларда да қолданылуы мүмкін. Суретте – K-Way Fall/Winter 2021 топтамасының ерлерге арналған мінсіз киім үлгісі.
© REUTERS / ALESSANDRO GAROFALO
3 / 18
Сұр түс барлық кезде іш пыстырарлықтай бола бермейді. 2021 жылдың басты түстерін сипаттау кезінде Pantone "сұр түс күш пен табандылықты айшықтайтынын" мәлімдеді. Әйелдерге арналған K-Way Fall/Winter 2021 топтамасы.
© REUTERS / ALESSANDRO GAROFALO
4 / 18
Ерлерге арналған Fall/Winter 2021 топтамасындағы Etro бренді сарының барлық реңкін тиімді әрі үйлестіре айдаланғаны көрініп тұр.
© REUTERS / ALESSANDRO GAROFALO
5 / 18
Etro италиялық дизайнерлер әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты сары түс ерекшелік пен батылдықты білдіреді деп санаса керек. Миландағы Сән апталығындағы Etro Fall/Winter 2021 топтамасы.
© REUTERS / ALESSANDRO GAROFALO
6 / 18
Ерлерге арналған топтаманы "жақсыдан үміттену" деп сипаттауға болатындай. Мұнда ер адамға тән қатаң мінез пен романтикалық реңк біртұтас болып тұр. Миландағы Сән апталығындағы Etro Fall/Winter 2021 топтамасы.
© REUTERS / ALESSANDRO GAROFALO
7 / 18
Неміс дизайнері Ани Гокельдің (Anja Gockel) 2021/22 күз-қыс топтамасында аса ашық емес түстер қолданылған.
© REUTERS / FABRIZIO BENSCH
8 / 18
Берлинде көрсетілген дизайнер Ани Гокельдің (Anja Gockel) 2021/22 күз-қыс топтамасындағы сұрдың түрлі-түсті реңі қаталдық пен ұстамдылықты бейнелеп тұр. Алайда, ашық алқызыл түстермен үйлесімі көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
© REUTERS / FABRIZIO BENSCH
9 / 18
Араб әйелдері киетін ұзын көйлек – абайяның қою қара түсті топтамасы Сауд Арабиясының ханшайымы Сафия Хусейннің қолынан шыққан туындылар. Эр-Риядтағы сән көрсетілімі.
© REUTERS / AHMED YOSRI
10 / 18
Берлиндегі Mercedes-Benz сән апталығындағы дизайнер Том Ван Дер Борхтың топтамасы естен тандырарлықтай.
© AP Photo / Jens Kalaene
11 / 18
Дизайнер Том Ван Дер Борхтың топтамасы кейбіреулерге тым дөрекі әрі қалыптан тыс болып көрінуі мүмкін.
© AP Photo / Jens Kalaene
12 / 18
Гаитилік дизайнер Маккенли Дариус сән үлгілерінде дәстүрді ұштастыра киім әзірлеуге болатынын көрсетті. Бұл киімде бірнеше ашық түс, соның ішінде, сары түс те қолданылған.
© AP Photo / Dieu Nalio Chery
13 / 18
Жалпы Порт-о-Пренстегі бұл көрсетілімді дизайнер Маккенли Дариус тарихқа тағзым ету ретінде қабылдайтынын айтқан. Гаитилік дәстүрге сай тігілген ашық сұр түсті көйлек пен бас киім тек подиумға киюге жарамды.
© AP Photo / Dieu Nalio Chery
14 / 18
Жаңбырдан қорғауға арналған бұл киімдегі сұрдың барлық түстермен үйлесімі таңғалдырады. Қап іспеттес аса кең болғанына қарамастан, Берлиндегі Mercedes-Benz сән апталығында #Damur Fall/Winter 2021 топтамасы ерекше көзге түсті.
© AP Photo / Jens Kalaene
15 / 18
Сәнқой Микаэла Томанова, Анжелика Циону және Шехеразаде Дахлауи (солдан оңға қарай) Париждегі онлайн-көрсетілім үшін Жюльен Фурнидің Haute Couture Spring/Summer 2021 топтамасын таныстырып жатыр. Дизайнер қара түс – бұл қатты қою сұр түс деп санайды.
© Francois Mori
16 / 18
Теңдессіз Кейт Мосс (Kate Moss) киген кез-келген көйлек тамаша. Сұр түс жалықтырады дегенмен кім келіседі? Париждегі арнайы көрсетілім кезіндегі Fendi Haute Couture Spring-Summer 2021 топтамасы.
© AP Photo / Francois Mori
17 / 18
Ашық түсті көйлектердегі сұр түсті белгілер бұл топтамаға құпиялылық сыйлап тұр. Сәнқойлардың айналарға жақын жүруі бұл тылсымды үдетіп тұр. Париждегі арнайы көрсетілім кезіндегі Fendi Haute Couture Spring-Summer 2021 топтамасы.
© AP Photo / Francois Mori
18 / 18
Әлемге танымал сәнқой Кейт Мосстың қызы Лила Грейс Мосс (Lila Grace Moss) інжу тастармен көмкерілген сұр түсті көйлекті таныстыруда. Париждегі арнайы көрсетілім кезіндегі Fendi Haute Couture Spring-Summer 2021 топтамасы.
© AP Photo / Francois Mori