Саясат

Ресейдің премьер-министрі Қазақстанға келді

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы пандемия басталғалы елде офлайн-режимде өтетін алғашқы отырыс
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан — Sputnik. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Алматыға келді. Жұма күні Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үкімет басшыларының кездесуі өтеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Жиынға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей премьер-министрлері қатысады деп жоспарланып отыр. Ресейлік министрлер кабинетінің ақпаратына сәйкес, тараптар ЕАЭО жұмысы, ішкі нарық, кедендік-тарифтік реттеу, инновациялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылайды.

Ресейдің премьер-министрі Қазақстанға келді

Денсаулық министрлігі Sputnik Қазақстанға кездесу кезінде санитарлық талап қатаң сақталатынын айтты. Қатысушылардың бәрінде коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПЦР анықтама болуы шарт.

Бұдан бөлек, маска режимі мен әлеуметтік қашықтық сақталады. Қатысушылардың дене қызуы тексеріліп, антисептиктер беріледі.