Өңірлер

Қостанай облысының бас санитар дәрігері карантинге қатысты жаңа қаулы шығарды

Қаулыға сәйкес, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріне 10.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері шектеу және карантиндік шаралар туралы жаңа қаулы шығарды. Өзгерістер 8 ақпаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаңа қаулыда карантиндік шаралардың біртіндеп жеңілдейтіні айтылған. 8 ақпаннан қаларалық облысішілік, шағын автобустар тасымалы жанданады. Салондағы орындардың 75%-не дейін толтыруға рұқсат етіледі.

Мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагога және басқа діни нысандар да жұмыс істейді. Ғимарат іші 30%-ке дейін ғана толуы тиіс.

Жаңа қаулыға сәйкес, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері 10.00-ден 23.00-ге дейін ашық болады. Тек жексенбі күндері ғана жабылады, бірақ ғимарат ішіндегі дәріханалар мен супермаркеттер жұмыс істей береді.

Ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар да, жексенбі күндерін қоспағанда, штатты режимде істейді.

Жабық базарларға да, жексенбіні қоспағанда, аптаның алты күні жұмыс істеуге рұқсат етілді. Әлеуметтік ара қашықтық, бетперде және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы керек.

Қоғамдық тамақтану орындары 08.00-ден 23.00-ке дейін жұмыс істейді.