Әлем

Әскери техника мүмкіндігі бойынша елдер әлеуеті сөз болды

Пентагон Америка әскерінің соққы жасайтын негізгі күші – әйгілі Abrams танкілері қарулы қақтығысқа дайын емес екенін мәлімдеді
Sputnik

Соңғы модификация Шығыс Еуропадағы әскери операциялар үшін жарамсыз болып шықты. Бұл машинаның конструкциясында қандай проблемалар туындағаны туралы РИА Новости материалында.

M1 Abrams АҚШ-тың құрлықтағы әскерінде қызмет етіп келе жатқанына 40 жылдан асты. 1980 жылдан бастап бұл танкінің он мыңнан астам данасы шығарылды, алты мыңға жуығы қазір қолданыста.

Халықаралық армия ойындары-2019: "Танк биатлонының" финалы - видео

"Абрамстар" Иракта, Ауғанстанда, Йеменде соғысты және соғыс кезінде жақсы сипаттамаға ие болды. Оның брондалуы қарсыластың бетпе-бет келген танкіге қарсы құралдарының оқ атуларына төтеп беруге жеткілікті болды, ал қуаты кез-келген нысанды сенімді түрде жоя алды.

"Абрамстар" бірнеше рет жаңғыртылды. Бірте-бірте оның броньдалуы күшейтіліп, конструкциясына жаңа әзірлемелер енгізілді, борттық аппаратура жетілдірілді. Алайда, танк бара-бара ауырлай берді. Өткен жаздан бастап әскерге енгізілген M1A2 SEP V3 соңғы модификациясының жауынгерлік салмағы 68 тоннаға жуықтады. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі немістердің "Тигр II" танкісімен бірдей. Пентагон мамандарының айтуынша, бұл танкіні пайдалануды едәуір қиындатады.

"Abrams M1A2 SEP V3 танкілерін модернизациялау бағдарламасы күмән тудырады, - деп жазылған АҚШ-тың пайдалану сынағы мен бағалау басқармасының соңғы баяндамасында (Operational test and evaluation). – Машина салмағының айтарлықтай артуы оның мобильділігін төмендетеді. M1A2 SEP V3 танкілеріне тактикалық көпірлер шыдас бермейді, оларды әскери жөндеу-эвакуациялау машиналары, тіпті ауыр әскери тасымалдау техникасы да тасымалдай алмайды".

Америкалық аналитиктердің пікірінше, мұның барлығы "Абрамстардың" Еуропадағы, әсіресе, шығыс флангтегі мүмкіндіктерін шектеп отыр. Сарапшылар жергілікті көпірлер мен жолдар мұншалықты ауыр техникаға арналмаған. Ресеймен ауқымды соғыс бола қалған жағдайда, танк бригадаларының жауынгерлік топтары үлкен кеңістікті тез арада еңсеру керек болады. Сол сәтте броньды техникалардың логистикасы Пентагон стратегтері үшін басты кедергі болады.

"Абрамстар" қазір салмағы бойынша немістердің Leopard 2A7 танкісінен кейін екінші орында тұр (68,5 тонна). Осылайша, Солтүстік Атлантикалық альянстың екі әскери қуатты мемлекеті Ресеймен соғыс болған жағдайда белсенді шабуыл әрекеттерін орындауы екіталай. НАТО-дағы Шығыс Еуропа елдерінің көлік инфрақұрылымын нығайту бойынша жоспарлар 2017 жылы жарияланған болатын. Ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг жолдар мен көпірлерге қойылатын талаптарды қайта қарастыру керек екенін айтты.

Бұған дейін батыстық БАҚ қосымша күштерді орналастыру кезінде туындаған проблемалар жайлы хабарлаған болатын. Мәселен, америкалық ауыр броньды техниканы Польшаға жеткізген кезде кейбір әскери машиналар көлемдері бойынша теміржол станцияларына сыймай қалды.

Әскери танк жеңіл көлікті таптап кетті – видео

Сонымен қатар, "Абрамстарды" АҚШ-тан жөнелту кезінде де қиындықтар туындауы мүмкін. Американыңең ауыр жүктерге арналған әскери-көлік ұшағы С-5 бортына тек бір ғана модернизацияланған танкі сыяды. Айта кету керек, жауынгерлік салмақ бойынша ресейлік техникаға қойылатын талаптар айтарлықтай жоғары: су жаңа Т-90М 48 тонна болса, Т-14 "Армата" шамамен 55 тонна салмақта.

M1A2 SEP V3 көптеген жетілдірулер мен жаңғыртулар салдарынан ауырлап кетті. Қосымша күш қондырғысы енді броньдалып, артқы жағына орналастырылған. Бұл жақын қашықтықтағы ірі калбирлі пулеметтерден машинаны қорғау үшін жасалды. Жол жиегіне қойылған қолдан жасалған жарылғыш заттар да аа қауіпті.

Сондықтан, M1A2 SEP V3 танкісінің алдыңғы бет бронін қалыңдатып, конструкциясының миналардың жарылуына төзімділігін арттырды. Израильдік Trophy белсенді қорғаныс кешені машинаға жақындаған кез-келген жоғары жылдамдықты оқ-қаруларды жоюға қабілетті. Бірақ, салмағы қатты өсіп кетті.

Желтоқсан айында АҚШ қорғаныс министрлігі Abrams танкілерін M1A2 SEP V3 деңгейіне дейін жаңарту үшін General Dynamics Land Systems концернімен жасалған құны 4,62 миллиард доллар болатын келісімшарт туралы хабарлады. Жұмыстар 2028 жылға дейін аяқталуы керек. Генералдар Вашингтон сарапшыларының ескертуіне аспаса керек немесе олар артық салмақ мәселесін арнайы тасымалдау көліктерін әзірлеу арқылы шешпек.