Қоғам

Қазақстанда коронавирустың "қызыл" аймағы өзгерді: қандай өңірлер енді

Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан өңірлері әлі де "қызыл" аймақта екені айтылды
Sputnik

АЛМАТЫ, 2 ақпан — Sputnik. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2 ақпандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын ұсынды.

  • "қызыл" аймақта: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта: Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы
  •  "жасыл" аймақта: қалған өңірлер мен қалалар.

Жалпы Қазақстан "сары" аймақта тұр.

2020 жылдың наурыз айынан бері елде 189 131 адам коронавирус жұқтырды, 2 559-ы қайтыс болды.