Өңірлер

Түлкібастық жігіт іздеу салған қылмыскер өзінің інісі болып шықты

Жәбірленуші полицияға арызданып, өзінің атынан онлайн-кредит алып, 60 мың теңге шығын келтірген адамды анықтауды сұраған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан — Sputnik. Түркістан облысының Түлкібас ауданында полицейлер туысының атынан кредит алған алаяқты ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Жәбірленуші полицияға арызданып, өзінің атынан онлайн-кредит алып, 60 мың теңге шығын келтірген адамды анықтап, жауапқа тартуды сұраған.

Түлкібас ауданының полицейлері қылмыстық іс қозғап, күдіктіні анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ол жәбірленушінің туыс інісі болып шықты.

Оқи отырыңыз: Алаяқтар картаның кодын қалай біліп алады – министрлік ақпарат берді 

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші өткен жылы туыс ағасына хабарласып, танысы ақша салатынын, сол үшін банк карточкаларының кодтары мен жеке куәлігінің мәліметін суретке түсіріп жіберуді сұраған. Туысына сенген жәбірленуші ол сұратқан ақпараттарды берген. Осы арқылы күдікті онлайн-кредит алуға өтініш берген.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтайды.