Қоғам

ШҚО-да 40℃ аязда көшеде жалғыз жүрген бала табылды

Төрт жасар бала ұйқысынан оянып, анасын үйден таппаған соң, іздеуге шыққан. Анасы таңертең дәрігерге көрінуге, әкесі жұмысына кеткен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласында ер адам далада қақаған аязда көшеде кішкентай қызды көрген. Ол ересектердің бақылауынсыз жалғыз жүрді.

Аязды күні бала үсіп қалады деп секемденген Алтай тұрғыны полицияға хабарласқан.

Кәмелетке толмаған балалармен жұмыс жасайтын полиция қызметкерлері жарты сағаттың ішінде қыздың ата-анасы және мекенжайы туралы ақпаратты анықтаған. Бала ата-анасына қайтарылды.

Анықталғандай, кішкентай қыздың анасы таңертең дәрігерге көрінуге кеткен. Ал, әкесі ауылда жұмыстарымен жүрген. Ұйқысынан оянған бала үйде ешкім жоқ екенін түсініп, анасын іздеу үшін сыртқа шықты.

Баланың анасы қызын үйіне қайтарған полиция қызметкерлері мен жанашыр ер адамға алғыс айтты.