Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.
3 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан
10.00 – Мәжілістің жалпы отырысы. parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі. Қосымша ақпаратты баспасөз қызметінен 74-63-01, 74-63-02 телефондары арқылы анықтауға болады.
11:00 – Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновтің қатысуымен "102 мобильді қосымшаның функционалы" тақырыбында брифинг өтеді. Брифингте мобильдік қосымша арқылы азаматтардан хабарламалар қабылдау және беру алгоритмі мен оларға полиция қызметтерінің ден қоюы туралы айтылады. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ІІМ-нің цифрлық жобалары БАҚ-қа таныстырылады.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау 71-52-24, 71-52-08, 72-22-85, 8 701 795 11 67, 8 778 280 94 94 телефондары және pr_mvd@mail.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі.
11:00 – Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы облыстық, аудандық және ауылдық кітапханаларда "Адалдық алаңы" жобасы аясында "Парасат жолы" аймақтық орталықтарын ашады. Басты мақсат – ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдерімен бірге қоғамдағы тұтастық идеологиясын насихаттау. Орталықтардың ашылуында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалар жанындағы "Парасат жолы" орталықтарының бірлескен жұмысы туралы меморандумға қол қояды.
Аккредитацияны dagspk@mail.ru электронды поштасы арқылы жасау керек. Анықтама үшін телефон: 8 705 659 4405, 8 707 659 4405.
12.30 – "Мемлекеттік кірістер комитетінің 2020 жылғы жұмыстарының қорытындысы" тақырыбында ОКҚ баспасөз конференциясы. Спикер: комитет төрағасы Марат Сұлтанғазиев. (Брифинг https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz сілтемесі арқылы тікелей эфирден көрсетіледі).
14.00 – Ресейдің шығармашылық университеттерінің таныстырылымы. РҒТК-нің YouTube арнасында өтетін тікелей эфирде университеттердің өкілдеріне сұрақтар қоюға болады.
16.00 – бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсіновтің қатысуымен бизнесті заңсыз араласудан қорғау шаралары жөнінде баспасөз конференциясы. Іс-шара Zoom-да болады. Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласу керек: +7 (7172) 270454, ішкі тел. 2157, +7 701 551 44 24.
16.30 – "Мемлекет басшысының елдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі тапсырмаларын іске асыру" тақырыбында ОКҚ брифингі. Спикерлер: денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният, электронды денсаулық сақтау департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев. Тікелей эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
19.30 – Astana Musical театрының жаңа қойылымы (БАҚ өкілдеріне арналған арнайы көрсетілім). Жаңа маусымда сахна шымылдығын "ЕНТ тапсырмаймын!" атты премьерасымен ашады. Іс-шара "Қазақстан" ОКЗ камералық залында (Мәңгілік ел, 10/1) өтеді. Толығырақ ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: +7 7172 70 53 31; 8 701 820 97 90. Электрондық пошта: infoqazaqconcert@gmail.com.
АЛМАТЫ
14.00 – Алматыда цифрлық жобаларды іске асыружәне цифрландыру сапасын дамыту жоспарлары туралы онлайн-брифинг. Спикер – Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев. Трансляция сілтемелері: facebook.com/almaty.gov.kz, facebook.com/rsk.almaty02, facebook.com/OpenAlmaty
16:00-де – Алматыда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы онлайн-брифинг. Спикер – Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары, полковник Фархат Құрманғажинов. Трансляция сілтемелері: facebook.com/almaty.gov.kz, facebook.com/rsk.almaty02, facebook.com/OpenAlmaty
19.00 – "Жәмилә" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).
8 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
8 ақпан мен 12 ақпан аралығында Алматыда медицина саласында маманданған журналистерді оқыту курстары өтеді. Курс ҚР АҚДМ мен Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті арасындағы келісім негізінде ұйымдастырылады. Оқыту курстары офлайн форматта Төле би көшесі, 94 мекен жайында өтеді. Қатысушылар "Медициналық журналистика" курсын өткендігі туралы сертификаттар алады. Тікелей көрсетілім Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі https://m.facebook.com/qogam.gov.kz ресми парақшасында жүргізіледі. Тіркелу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdEEa9vvCR9vycFaGDRhHPfApP1arDDBlLkbH1qMDpT2CuEGA/viewform.
Басқа да сұрақтар бойынша хабарласу үшін: +77029857977
10 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
10.00 – Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің халыққа есеп беру кездесуі. Коронавирустық пандемияға байланысты кездесу онлайн режимде өтеді. Қатысуға және қала басшысына сұрақ қойғысы келетіндер тіркеу сілтемесіне өтіп, тиісті нұсқауларды орындауы қажет. Есеп беру кездесуі Нұр-Сұлтан әкімдігінің YouTube және Facebook-тағы ресми аккаунттарынан, сондай-ақ "Астана" телеарнасы мен Tengrinews порталынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.