НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан — Sputnik. Ресейлік жекпе-жек шебері Шамиль Мұсаев словениялық Урос Юришичпен кездесуден кейін төбелес шығарды.
MMA Junkie жаңалық порталының хабарлауынша, төбелес КSW 58 турнирі кезінде болған. Жекпе-жек Польшаның Лодзи қаласында өтті.
"Кездесуден соң ресейлік және словениялық спортшы келіспей қалды, соңы жаппай төбелеске ұласты", - делінген промоушен мәлімдемесінде.
Төрешілер жеңісті бірауыздан Мұсаевқа берген болатын. Жекпе-жек қорытындысы жарияланған кезде октагонға екі спортшының да командасы шықты. Словениялық спортшы төрешілер шешімімен келіспеді. Мұсаев оған бас салды. Салдарынан командалар арасында төбелес басталып кетті.
KSW басшылығы кінәлілер жазаланатынын жеткізді.