Фото

Өткен ғасырда вакциналау қалай жүргізілді – фото

Sputnik

Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе тегін және ерікті түрде салынады.

Әуелі ресейлік "Спутник V" препараты пайдаланылады. Вакцинаның алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізіліп қойды. 

15 ақпаннан бастап Қарағанды ​​зауытында шығарылған "Спутник V" препараты вакцинация үшін пайдаланыла бастайды. Ал сәуір айынан бастап COVID-19-ға қарсы QazCovid-in қазақстандық вакцинасын егу жоспарланып отыр.

Бірінші кезекте медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге, полицейлерге және әскери қызметшілерге салынады. Жыл соңына дейін алты миллионға жуық қазақстандықты вакциналау көзделген.

1 / 10
Лондонда бойжеткендер тұмауға қарсы екпе салғызып жатыр, 1963 жыл.
2 / 10
Mong Duc тұрғындарына тырысқақ ауруына қарсы вакцина салынуда, 1953 жыл.
3 / 10
Нью-Йоркте шешекке қарсы екпе алуға кезекке тұрғандар, 1947 жыл.
4 / 10
Француз журналист Парижде тұмауға қарсы вакцина салғызып жатыр, 1976 жыл.
5 / 10
Нью-Йоркте дәрігер медбикеге азиялық тұмауға қарсы екпе егуде, 1957 жыл. so played a role in 1918.
6 / 10
Гонконгтегі медицина орталығының алдында тұрғындар тырысқақ ауруына қарсы вакцина салдыруға кезекте тұр, 1961 жыл.
7 / 10
Әнші Элвис Пресли 1956 жылы Нью-Йоркте полиомиелитке қарсы екпе салдырып жатыр.
8 / 10
Полиомиелитке қарсы екпе салдырған балалар, 1952.
9 / 10
Сингапурде азаматтар шешекке қарсы екпе алу үшін кезекте тұр, 1959 жыл.
10 / 10
Вьетнамдағы тырысқаққа қарсы вакциналау, 1966 жыл.