Елорда тынысы

Қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту үшін жағдай жасаймыз - Көлгінов

Халықты спортқа бейімдеп, бұқаралық спортты дамыту үшін саябақтар, скверлер, жаңа спорт кешендері салынады
Sputnik

НҰР-CҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту үшін жағдай жасалатынын мәлімдеді.

"Қала тұрғындарын спортқа бейімдеп, бұқаралық спортты дамыту үшін саябақтар, скверлер, аулалар, жаңа спорт кешендерін саламыз. Спорт кластері пайда болмақ. Спорт мекемелері тек кәсіби ойындар мен қойылымдарды өткізуге ғана емес, сонымен қатар балаларымызды жаттықтыру үшін де керек. Бұл жастарды ынталандырады. Өйткені, олар белгілі спортшылар жаттығатын кәсіби алаңда жаттығып, одан да көп тырыспақ", - деп жазды қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Ол бірқатар спорт нысаны жөнделгенін жеткізді. "Астана Арена" стадионында футбол алаңы ауыстырылған, енді ол FIFA стандарттарына сәйкес келеді.

"Тағы бір маңызды мәселе - спорт мекемелерінің бос орындарын ұтымды пайдалану. "Астана Арена" стадионы базасында жауынгерлік өнер залы ашылды. Онда спорттың 8 түрі дамиды: панкратион, джиу-джитсу, самбо, каратэ, күрес, кикбоксинг және т. б.", - деді ол.

Сонымен қатар, үрлемелі футбол корты жөнделген. Бұдан бөлек, велоспорт бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне және атыс командасына қосымша жабдықтар берілді.