Қазақстандықтарға тұрғын жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік беріліп отыр. Ол үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотында "жеткіліктілік шегі" болуы керек – бұл артық ақша алынғаннан кейін зейнетақы шотында қалатын сома.
"Отбасы банк" тұрғындардың зейнетақы жинағы "жеткіліктілік шегінен" асатын өңірлердің төрттігіне Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Маңғыстау, Атырау облыстары кіретінін хабарлады.
"Бұл төрт өңір бағдарламаға қатысатын БЖЗҚ салымшыларының 70% -тен астамын қамтиды", - деп хабарлады "Отбасы банкінің" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Нұр-Сұлтанда кей жаяу жүргіншілер Sputnik Қазақстанға зейнетақы жинағының арқасында баспана мәселесін шешкісі келетінін айтты. Кейбірі жинақты алуға жеткілікті қаражат жинамадым деп жауап берді. Толығырақ видеодан көріңіз.