Қоғам

Тоқаевқа "қара тізімге" енген министрліктерге қатысты ұсыныс жасалды

Шпекбаев үш мемлекеттік орган – ішкі істер министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі және мемлекеттік кірістер комитеті жемқорлықтың алдын алу жолында баяу жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев президентке қандай ұсыныс енгізгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірінші басшылары жемқорлықтың алдын алуға белсенді түрде атсалыспайтын мемлекеттік органдар анықталды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша антикөшбасшылардың үштігіне ішкі істер министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі және мемлекеттік кірістер комитеті енді. Осы органдар жемқорлықтың алдын алу жолында баяу жұмыс істеп келеді. Оны Transparency Kazakhstan-ның әлеуметтік зерттеуі және тергеу практикасы да растады", - деді Шпекбаев агенттіктің алқа отырысында. 

Халық көріп отыр": Шпекбаев кімдер автоматты түрде жұмыстан шығарылатынын айтты

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын тұрақты жүргізіп отыруы қажат. Жемқорлық жасайтын себеп, тіпті қызметкердің ол жемқорлықты жасауға деген ниеті болмауы керек.

"Мен жаңағы үш мемлекеттік органға қатысты ұсынысты мемлекет басшысына тапсырдым", - деп атап өтті Шпекбаев.