Басқа елдердегі наным бойынша Өгіз жылы 12 ақпаннан бастап күнтізбеге енеді. Алайда, Азия елдері оны мерекелеуге қазірден дайындалып жатыр.
Қаңтар айының соңында-ақ аймақтағы тіршілік жандана бастайды. Көне дәстүр бойынша адамдар мерекені отбасының ортасында, жақындарымен қарсы алуы қажет болғандықтан, Азия елдерінің тұрғындары ғаламшардың түкпір-түкпірінен ата-анасының үйіне қонақтап келеді.
Бұл қарбалас пайдалы ғана емес, көңілге қуаныш сыйлайтындай болуы үшін қалалар, ауылдар, тіпті көшелер де мерекелік кейіпке енеді.
Мейрам қарсаңында Азия қалай түрленетінін біздің фотодан көріңіз.