Қоғам

 Аша Матай ұлттық рухты көтергені үшін медальмен марапатталды

Актриса еңбегін жоғары бағалағаны үшін "Матай Бөрібай батыр" қорының ұйымдастыру алқасына алғысын білдірді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Танымал тележүргізуші, актриса Аша Матай "Матай Бөрібай батыр" медалімен марапатталды. Бұл туралы өзі Іnstagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Мен "Матай Бөрібай батыр" төсбелгісімен, яғни медалімен марапатталдым. Куәлігінде "Ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін" деп жазылыпты. Осы ретте азғантай болса да үлес қосқанымды жоғары бағалағаны үшін "Матай Бөрібай батыр" қорының ұйымдастыру алқасына алғысымды білдіремін", - деді Аша Матай.

Әнші бұл төсбелгіні өзінің алып жүрген марапаттарының ішіндегі ең құндысы деп санайтынын атап өтті.

Таста бұл жұмысты: Аша Матай "Қалаулымнан" кетуге мәжбүр екенін мәлімдеді

Аша Матайдың шын есімі –  Ақбота Асқарбекова. 1988 жылы Алматыда заңгерлер отбасында дүниеге келген. "Шабыт" және "Жаһан дала" гран-приінің иегері.

Актриса  "Біржан Сал", "Астана ғашықтар мекені", "Обратная сторона", "Коктейль для звезды", "Настоящий полковник", "16 қыз" фильмдеріне түскен. Ол көпшілікке атышулы "Қалаулым" бағдарламасының жүргізушісі ретінде жақсы таныс.

2015 жылы Mysterions тобының мүшесі Арман Қоңырбаевқа тұрмысқа шықты. Екі баласы бар.