Қоғам

Қазақстанда балық консервісінен жұмбақ тіршілік иесі табылды

Санитарлық дәрігерлер егер тұтынушы шағым түсірсе, тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді. Ол көлдерде өмір сүретін шаян болуы мүмкін
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысындағы Калачи ауылының тұрғыны балық консервісінен белгісіз тіршілік иесін тауып алды, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Әйелдің айтуынша, ол жаңа жылға дейін Ресейде өндірілген консервіленген майшабақ сатып алған. Ал консервіні ашқан кезде ұзындығы 8 сантиметрдей қоңызға ұқсайтын бунақ аяқты тіршілік иесін көрген.   

Санитарлық дәрігерлер егер әйел шағымданса, тексеріс жүргізетінін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз саудаланған құбыжық балықтар тәркіленді

Табылған тіршілік иесі теңіз тарақаны (Saduria entomon) болуы мүмкін. Бұл көлдерде және солтүстік теңіздерде өмір сүретін ірі шаян. Тұтынушылар оны балық консервісінен тауып алатын жағдайлар жиі болып тұрады. Ұсақ балықтарды дұрыс сұрыптамаған жағдайда, ол тамақтың арасында кетуі мүмкін. Ол жеуге жарамсыз болғанмен, адам денсаулығы үшін қауіпті емес.