Әлем

Жасөспірімдер көрермен жинау үшін қызды тікелей эфирде өлтірді

Зардап шеккен қыз жергілікті ауруханалардың біріне жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар — Sputnik. АҚШ-тың Луизиана штатындағы сауда орталығында жасөспірім қызды өлтірді, деп жазады The Daily Dot.

Полиция 12,13 және 14 жастағы жасөспірімдерді ұстады. Олардың біреуі 15 жасар қызға пышақ сұққан. Болған жағдайды Facebook пен Instagram тікелей эфирінде жариялап, көрермен жинамақ болыпты.

Видеода бір қыздың пышақты дәл жүрек тұсына сұққанына мақтанғаны естіледі, деді полиция.

Зардап шеккен қыз жергілікті ауруханалардың біріне жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.