Қоғам

ҰҚК Атырауда арнайы операция өткізді – видео

Арнайы іздестіру шарасын өткізу нәтижесінде, өсімдік тектес есірткі заттарының тасымалын ұйымдастырған бір топ адам ұсталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі тасымалына қатысы бар деструктивті діни ағымның өкілдерін ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 13 қаңтарда ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау және Ақтөбе облыстық депаратменті бірлескен арнайы іздестіру шарасын өткізді. Нәтижесінде, өсімдік тектес есірткі заттарының тасымалын ұйымдастырған бір топ адам ұсталды.

"Құқық қорғаушылар Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігінің 3 тармағы (есірткі, психотроптық немесе сол тектес заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Ал Атырау сотының шешімімен күдіктілер қамауға алынды", – делінген ресми хабарламада.

Комитет мамандары ұсталған адамдардың деструктивті діни ағым өкілдері екенін де атап өтті.