Қоғам

Сот бұрынғы вице-министрді ақтап шығарды

Бұрынғы шенеунікке жылу есептегіш құралдарды орнатуға бағытталған бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылған болатын
Sputnik

АЛМАТЫ, 26 қаңтар — Sputnik. Қарағандының Қазыбек би аудандық соты бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа ісіне қатысты үкім шығарды.

Сот бұрынғы вице-министрді ақтап шығарды

Шенеунікке қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) айып тағылған болатын.

2015 жылы Саран қаласында жылу есептегіш құралдарды орнатуға бюджеттен 215 миллион теңге бағытталған. Бұл кезде Анатолий Шкарупа қала әкімі лауазымында болған еді. 

Тергеу бұл қаржы мақсатты жұмсалмағанына сенімді болды.

Сейсенбі, 26 қаңтарда Қарағандының ауданаралық соты Шкарупаны ақтап шығарды. Қылмыс құрамы болмаған. Онымен бірге істі болған екі адам да ақталды.

Анатолий Шкарупаға қатысты іс 2018 жылдың қараша айында басталды. Ол кезде энергетика вице-министрі болған Шкарупа қызметтен кетуге арыз жазды.