Әлем

Ресейлік журналистер Латвиядағы орыс тілді БАҚ-ты қудалауға наразылық білдірді

Бутина кісен салынған қолымен "Қатаң режимдегі сөз бостандығының абақтысы" деген жазу жазылған плакат алып шықты. Вышинский де журналистерді қудалуды тоқтатуды талап етіп отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Адам құқықтары жөніндегі кеңес мүшесі, "Россия сегодня" медиа тобының атқарушы директоры Кирилл Вышинский мен Америка түрмесінен босап шыққан Ресей азаматы, қоғамдық палата мүшесі Мария Бутина Латвия мен Балтық маңы елдеріндегі ресейлік БАҚ-қа қарсы қудалау әрекеттеріне наразылық белгісі ретінде Латвияның Мәскеудегі елшілігі жанында жалғыз адамдық пикетке шықты, деп хабарлады РИА Новости.

Бутина кісен салынған қолымен "Қатаң режимдегі сөз бостандығының абақтысы" деген жазу жазылған плакат алып шықты. Вышинский де журналистерді қудалуды тоқтатуды талап етіп отыр.

"Өкінішке қарай, қолыма тағы да кісен салуыма тура келді. Мен мұны жасағым келмеді. Бірақ, басқа амал жоқ. Бұл ресейлік БАҚ-пен серіктестік орнатқаны үшін қудалауға тап болған Латвиядағы өз отандастарымызға, әріптестерімізге ниеттестігіміздің белгісі", - дейді Бутина

Қоғам белсендісі Латвиядағы жағдайды сөз бостандығы мен адам құқықтарын таптау деп бағалады.  

"Латвияда журналистердің ғана емес, біздің отандастарымыздың да құқықтары тапталып жатыр. Журналистің басты ережесі – оның ішкі ой-нанымына сәйкес келетін редакцияны таңдау мүмкіндігін аяқ асты етіп жатыр. Латвияда биліктің еуропалық санкциялар ұғымын өз қалауларынша қолдануын біз ғана, ресейлік СІМ ғана емес, біздің елді аса ұнатпайтын "Репортеры без границ" ұйымы да анықтап отыр", - деді Вышинский.

Желтоқсанда орыс тілді латвиялық журналистерге, соның ішінде, Baltnews және Sputnik.Латвия порталдарымен серіктестік орнатқан тілшілерге Латвияның Қылмыстьық заңының 84-бабы – "Еуроодақ санкциялары режимін бұзу" бойынша айып тақты. Жаза түрі ақшалай айыппұлдан бастап түрмеге жабуға дейін болуы мүмкін. Журналистердің пәтерінде тінту жүргізіп, ешқайда шықпау туралы қолхат алды. Baltnews және Sputnik.Латвия порталдары "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігімен байланыс орнатқан.

Ресей СІМ Латвиядағы Sputnik тілшілерін қудалауға қатысты пікір білдірді

Ресейлік СІМ орыс тілді журналистерге қатысты Латвия билігінің әрекетін демократиялық қоғамның негіздері болып табылатын сөз бостандығы мен пікір білдіру еркіндігін елемеудің айқын мысалы деп атады. Ресей Федерациясының дипломатиялық ведомствосында санкциялар тек "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевқа қатысты екенін және медиахолдингпен ынтымақтастық орнатқанның барлығына қатысты емес екенін айтты. "Россия сегодня" ХАА бас редакторы және RT маман Маргарита Симоньян орыс тілді журналистерге қарсы қылмыстық іске байланысты Ресей жауап беретініне сенім білдірді.