НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кішкентай қызды зорлау ісіне қатысты үкім шығарды.
Сот жабық режимде өтті. Мемлекеттік айыптаушы, зардап шегушінің заңды өкілі, сотталушы және қорғаушысы қатысты.
2020 жылдың 28 мамырында түнде таныс әйелдің үйіне барған. Ол үйінде болмады. Пәтерде кішкентай қызы ғана болды. Сотталушы баланы беті мен басынан бірнеше рет ұрып, зорлады.
Айыпталушының қорғаушысы кінәсі дәлелденбегендіктен, қылмыстық істі тоқтатып, сотталушыны босатуды сұрады.
Алайда сот өмір бойына соттауды сұраған мемлекеттік айыптаушының талабын толықтай орындады.
Еске сала кетсек, өткен жылдың желтоқсан айында Байқоңырда педофил өмір бойына түрмеге қамалды. Ол 2013 жылы туған қызды ойнайтын доп беремін деп, өз пәтеріне алдап апарды. Сосын өлтіремін деп қорқытып, зорлап тастады. Қыздың ата-анасы баласының жоғалғанын байқаған бойда полицияға хабар берді. Күдікті мас күйінде қылмыс орнында ұсталды.