НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Коронавирустан аллергиялық конъюнктивит және басқа да көз аурулары асқынуы мүмкін. Бұл туралы Н.И.Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталығы көз аурулары кафедрасының доценті, дәрігер-офтальмолог Ирина Лещенко мәлімдеді.
Оның айтуынша, коронавирустан барлық созылмалы ауру, соның ішінде көз аурулары да асқынады. Бірақ, ол бірден байқалмауы мүмкін, деп ескертті Лещенко.
Дәрігер-офтальмолог COVID-19-дан кейін жиі байқалатын аллергиялық конъюнктивитті мысалға келтірді.
"Аллергиялық конъюнктивит деген ауру бар. Ол ешқандай симптомсыз асқынады. Көздің аллергиялық ауруларымен бұрын ауырған адам коронавирус жұқтырған кезде, ешқандай белгілер байқалмайды. Бірақ үш аптадан кейін аллергиялық конъюнктивит асқынып кетуі мүмкін", - деп түсіндірді дәрігер Sputnik радиосына.
Айтуынша, созылмалы көз ауруы, мәселен, глаукомасы бар адамдар коронавируспен ауырып шықса, міндетті түрде дәрігерге қаралуы тиіс.