Әлем

Германияда вакцинадан бас тартқандар жұмыстан қуылды

Қарттар үйінің 7 бірдей қызметкері вакцинадан бас тартқандықтан, ұжым басшысы оларды жұмыстан шығарып жіберген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Германияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар жұмыстан шығарылды.

Оқиға жергілікті қарттар үйінде болған. Мекеме директоры әйелімен бірге вакцина салдырып, өзгелерді де осыған үндеген. Алайда 7 бірдей қызметкер вакцинадан бас тартқандықтан, ұжым басшысы оларды жұмыстан шығарып жіберген, деп хабарлайды "Хабар 24".

Оқи отырыңыз: Қазақстанда COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация ақпан айында басталады 

Германияда коронавирусқа қарсы жаппай екпе салу желтоқсан айының соңында басталған болатын. Бір ай ішінде препараттың бірінші дозасын, 1 миллион 200 мыңнан аса адам алды. Екінші дозасының өзін 25 мыңдай тұрғын қабылдап үлгерген.