Видео

Жеті жасар сноубордшы 7 алтын медаль жеңіп алған – видео

Жеті жасар Василиса Ермакова қазірдің өзінде Ресейдің үш рекордын жаңартып, сноуборд жарыстарында жеті алтын медаль жеңіп алған
Sputnik

Жас спортшы алғаш рет үш жасында тақтаймен сырғанаған. Содан бері қыз әкесінің жтекшілігімен спортта керемет жетістіктерге қол жеткізді. 

Василисаның анасы күйеуінің сноубордпен кәсіби түрде айналысқанын, бірақ спорттан кетуге мәжбүр болғанын айтады.

Ал Василиса экстремалды спорт түріне қызығушылық таныта бастағанда, ол қар трассасына қуана-қуана қайта оралыпты. Олар бір-бірінен үйреніп, рекордтар мен жеңістерге қол жеткізу жолында барын салып жүр.