Әлем

Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады

Апат салдарынан бес адам көз жұмды. Ұшақ жерден көтеріліп, ұшу-қону жолағының соңында қайта құлаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар — Sputnik. Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады.

​Бразилиялық "Пальмас" клубы Токантис штатында жеңіл ұшақ апаты болғанын хабарлады. Бортта төрт ойыншы, клуб президенті және пилот болған. Олардың бәрі көз жұмды.

"Лукаспен (Мейра - клуб президенті - Sputnik) пилот Вагнер және спортшылар Лукас Пракседеш, Гильерме Ноэ, Ранул және Маркуш Молинари болған ұшақ ұшу-қону жолағының соңында құлады. Оқиға Токантинс авиациясы қауымдастығында болды. Өкінішке қарай, аман қалғандар жоқ", - деп хабарлады G1 порталы клубқа сілтеме жасап.

Бразилиялық футбол жұлдызы Пеле қайғылы оқиғаға қатысты көңіл айтты, деп жазады Р-Спорт.

"Бұл жексенбі бразилиялық футбол үшін өте қайғылы. Апатта қайтывс болғандар "Пальмас Регатас" клубы президенті мен ойыншыларының отбасына көңіл айтамын", - деп жазды Пеле Twitter парақшасында.