НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желіде қар тазалап жүрген кішкентай баланың видеосы тарады. Оның әрекеті жұртшылықты тәнті етті.
Видео Нұр-Сұлтан қаласында түсірілген.
"Кішкентай астаналық коммуналдық қызмет мамандарына қар тазалауға көмектесіп жүр. Бала өз күрегін де алып шыққан", - делінген жазбада.
Желі қолданушылары баланы мақтап жатыр. "Вот осы баладан әкім шығады...", - дейді олар. Енді, бірі видеоға күдікпен қарап, баланы әдейі күрекпен шығарды, артынан видеоға түсіріп алды деп ойлайды. Дегенмен, оң пікірлер басым. Ата-анасын да мақтап жатқандар бар. Ал кейбір адамдар кеңестік заманда кіреберісті көршілерімен кезектесіп қалай жинағанын да еске алды.
"Біз бұрын кіреберіс мен ауланы өзіміз сыпыратынбыз. Ешкім ренжіген жоқ. Бәріміз айғай-шусыз кезектесіп жинап тұрдық. Қариялар мен мүгедектерді мазаламадық. Олар үшін өзіміз жинап жүрдік", - дейді желі қолданушылары.
Оқи отырыңыз: Ұшақ бортында ауырып қалған бала Ақтауда қайтыс болды