Аңдатпа

Қазақстанда 26 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

Sputnik Қазақстан 26-28 қаңтар аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
Sputnik

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

26 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – үкімет отырысы. Журналистер үшін "Қазмедиа орталығы" ғимаратының 21-ші қабатында баспасөз орталығы ашылып, іс-шара тікелей көрсетіледі. Орындар саны шектеулі болуына байланысты әрбір басылымнан фототілші және видеооператорсыз 1-2 журналист тіркелуі керек. (Байланыс мәліметтері: + 7 702 144 19 11. Mail: internetsmi.mic@gmail.com).

НҰР-СҰЛТАН

19.00  – "Музыканың алтын ғасыры" концерті ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).   

АЛМАТЫ

12.00 - "Мұз патшайымы" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.00 – "Тасқын" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117). 

28 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14.00 – Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) "ЕАЭО ұлттық валюталарының халықаралық есеп айырысудағы рөлін арттыру" тақырыбында аналитикалық есебінің тұсаукесерін өткізеді. Тұсаукесер analytics.eabr.org платформасында онлайн режимде өтеді. Спикерлер: Евгений Винокуров – Еуразиялық даму банкі мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының бас экономисі; Наталья Лаврова – Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының жобалар блогының макроэкономикалық талдау және статистика бөлімінің басшысы. Сұрақтарды алдын ала pressa@eabr.org электронды мекен-жайына жолдауға немесе шара барысында қоюға болады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.