НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. www.enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында зейнетақы жинағын алуға өтінімді қалай беруге болатыны көрсетілген видеонұсқау жарияланды.
"Достар, сіздерге ыңғайлы болу үшін біз www.enpf-otbasy.kz онлайн-платформасымен жұмыс бойынша видеонұсқау жаздық", - деп хабарлады банк Instagram-да.
Алайда онлайн-платформамен жұмыс істеу үшін NCALayer сертификатын орнату қажет. Мұны Pki.gov.kz сайтында жасауға болады.
Еске салсақ, 23 қаңтарда Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға өтінім қабылдау басталды.
Тағы оқыңыз: Зейнетақы жинағына өтінім қабылдау басталды: жұртты мазалаған 10 сұрақ жауабы
БЖЗҚ салымшылары 13 қаңтардан бастап онлайн режимде "Отбасы банк"АҚ-дан арнайы шот ашып жатыр. Бүгінге дейін 60 мыңға тарта шот ашылған.
Айта кетсек, біржолғы зейнетақы төлемін аудару үшін арнайы шот ашу бойынша екінші оператор – Halyk Bank.