Видео

Гну бөкені баласын қорғау үшін қабыланға тап берді – видео

Оңтүстік Африка Республикасындағы Крюгер ұлттық саябағына келушілер жабайы аңдардың айқасына куә болады
Sputnik

Гну бөкені жараланған лағының өмірін құтқару үшін бес сағат арпалысты. Осы уақыт ішінде ол құзғындарды, қабылан мен бір топ сүйелді қабанды қуып жіберді.

Видео авторы Надав Оссендрайвер (Nadav Ossendryver) Оңтүстік Африкадағы Крюгер ұлттық саябағына жануарларды тамашалау үшін келген кезде бақылаушылардың бірі қоңырау шалып, қабылан гну бөкенінің жараланған баласын ұрламақ болғанын хабарлаған.

Саябаққа келушілер оқиға орнына тез жетті.

"Біз келген кезде анасы баласын қорғап тұр екен. Аспанда құзғындар айналшықтап жүр. Кейін біз қабылан лаққа қарай бет бұрғанын байқадық. Анасы жыртқышты көрген бойда оны үркітті. Қабылан біздің жаққа қарай жүгіріп, бұталардың арасына тығылды", - дейді Оссендрайвер.

Қабылан кеткеннен кейін, сүйелді қабандар келді. Антилопа оларды да қуып жіберді.