Әлем

Үйлену тойында түсініксіз әрекет жасаған күйеужігіт ұятқа қалды - видео

Видеоны қалыңдықтың өзі жариялады. Алайда жұрт бақыт тілеудің орнына күйеуімен ажырасуға кеңес беріп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. Әлеуметтік желіде жарияланған видеоны қолданушылар қызу талқылап жатыр. Жас жұбайлар бір-біріне торт ұсынған кезде болған жағдай ешкімді бей-жай қалдырмады.

Қалыңдық тортты болашақ күйеуінің аузына әдейі тигізді. Ал жігіт болса, бірнеше қабаттан тұратын тортты қалыңдығының бетіне лақтырып жіберді.

​Видеоны қалыңдықтың өзі жариялады. Алайда жұрт бақыт тілеудің орнына күйеуімен ажырасуға кеңес беріп жатыр.

"Оның көңіл-күйі бірден өзгеріп кетті. Ашуға беріліп, тортты бетіңе лақтырды. Абай бол, құрбым", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Видеоны TikTok-та 90 мыңнан астам адам көрген.

Қалыңдықтың өзі бұл жағдайды әзіл деп бағалап отыр. Ол осылайша қонақтардың көңілін көтермек болдық деп ақталды. Өзге адамдардың әзіл түсінбейтініне қынжылды.