Қоғам

Сауат Мыңбаев жарақат алды – жағдайына қатысты ақпарат шықты

Әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында Мыңбаев омыртқа жарақатын алып, ауруханаға түскені туралы хабар шықты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. "Қазақстан темір жолының" төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақаттанды.

Әлеуметтік желі мен БАҚ-та Мыңбаев омыртқа жарақатын алып, ауруханаға түскені туралы хабар шықты.

Компанияның баспасөз қызметі оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деді.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта емделіп жатыр. Денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.

Сауат Мыңбаев 2018 жылдың қараша айынан бері "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының төрағасы қызметін атқарып келеді. 

Ол 1962 жылы 19 қарашада бұрынғы Талдықорған облысы Үшарал ауылында дүниеге келген. Түрлі жылдары қаржы министрінің орынбасары, қаржы министрі, ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министр орынбасары лауазымында болды.

Мыңбаев индустрия және сауда министрі, энергетика және минералды ресурстар министрі, мұнай және газ министрі қызметтерін де атқарған. 2013-2018 жылдар аралығында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болды. Қазіргі уақытта "Қазақстан темір жолына" басшылық етеді.