Өңірлер

Тәрелкенің сынығын сұғып алған: Алматы облысындағы қанды оқиғаның мән-жайы анықталды

Еркек пен әйел пәтерде ішімдік ішкен. Артынан ер адам оған тиісе бастаған. Бірақ әйел қарсылық көрсеткен. Осы кезде еркек оны бірнеше рет басынан ұрған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында 48 жастағы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол өзімен жасты ер адамға ауыр жарақат салғаны үшін айыпталып отыр.

Ресми мәліметке сәйкес, 20 қаңтарда түстен кейін полицияның кезекшілік бөліміне ауруханадан хабарлама түскен. Дәрігерлер 48 жастағы ер адамның қарнын белгісіз затпен тесіп тастағанын жеткізген. Құқық қорғаушылар бірден оқиға орнына аттанды.

Қостанайлық әйелінің сөзінен кейін сұмдық әрекетке барды 

Полицейлер жедел медициналық жәрдемнің ер адамды көп пәтерлі үйлердің бірінен алып кеткенін анықтады. Әйел сол жерде ұсталды. Ол өз кінәсін бірден мойындап, оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Оның айтуынша, ауруханаға түскен ер адаммен жақында ғана танысқан. Екеуі пәтерде ішімдік ішкен. Артынан ер адам оған тиісе бастаған. Бірақ әйел қарсылық көрсеткен. Осы кезде еркек оны бірнеше рет басынан ұрған көрінеді.

Әйел де қайтпайды. Ас үйдегі тәрелкені есікке бір ұрып сындырып, өткір сынығымен ер адамның ішінен екі рет ұрған.

"Тәрелкенің сынығы ер адамның ішінде қалып қойған. Қазіргі кезде әйел қамауға алынды. Жақын арада оған қатысты шешім қабылданады", - дейді полицейлер.