Әлем

Арасында Қазақстан тумасы бар – Шешенстанда содырлар тобы жойылды

Олар Шешенстан аумағында террористік әрекеттері үшін федералды іздеуде болған соңғы содырлар саналады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар — Sputnik. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Бютукаев бандасының алты өкілі жойылғанын мәлімдеді, арасында топ лидері де бар.

"Олар екі рет қашып үлгерді. Бұл жолы барарға жер қалмады. Енді біздің өңірдегі террористер тізімінде бірде-бір адам жоқ", - деп жазды Қадыров Twitter-де.

Кейін ол қайтыс болғандардың аты-жөні мен суретін жариялады. Олардың біреуі 1960 жылғы Қазақстан тумасы.

Терриризмге қарсы ұлттық комитет арнайы операция кезінде бес содыр жойылғанын хабарлады. Олардың басшылары Аслан Бютукаевтың  2011 жылы болған "Домодедово" әуежайындағы терактіге қатысы бар.

Ресей президенті Шешенстан басшысы мен арнайы операцияға қатысушыларды құттықтаған болатын. Олардың бәрі наградаға ұсынылады.