Әлем

Мадрид орталығында жойқын жарылыс болды – видео

Жарылыс болған ғимарат толықтай қирады. Оқиға орнында түсірілген видеодан айналаны қою қара түтін басқанын көруге болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар- Sputnik. Мадрид орталығында жойқын жарылыс болды. Үш адам көз жұмды, он бір тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жарылыс газ бойлерін жөндеу кезінде болған. Үйде жөндеу жұмысы жүріп жатқан.

Бойлерді жөндемек болған 35 жастағы ер адам қайтыс болды. Ол Вирхен-де-ла-Палома шіркеуіне келіп жүрген. Әйелі мен төрт баласы қалды.

Сондай-ақ, оқиға салдарынан 85 жастағы әйел мен ер адам көз жұмғаны хабарланып отыр.

Жарылыс болған үйде Вирхен-де-ла-Палома шіркеуінің дін қызметкерлері тұрған. Ғимарат маңында қарттар үйі мен колледж орналасқан.

"Қазақстан консулы жергілікті билікпен байланыста. Қазіргі уақытта қайтыс болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар-жоғы анықталып жатыр", - деді сыртқы істер министрлігі.