Видео

Пандемия кезінде бармен-роботтар жұмыс істей бастады – қызықты видео

Коронавирусқа байланысты түрлі салада өзгеріс болды. Бұған дейін болмаған бизнес дами бастады. Бармен-роботтары бар мекеме солардың бірі
Sputnik

Гонконгта автоматтандырылған шай бары ашылды. Қызметкерлердің бәрі - робот. Мекеме иесінің айтуынша, бұл тәсіл адамдардың бір-бірімен байланысын азайтуға мүмкіндік береді. Тиісінше, келушілердің денсаулығына қауіп төнбейді.

Robotea шай барының қызметкерлерін үнемі электр қуатымен қамтып отырса жеткілікті. Олар би билеп, ыстық шай құйып, келушілердің көңілін аулайды.

Бұл мекеме пандемия кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтаудың арқасында пайда болды. Кеңістік Цим Ша Цуйдағы K11 MUSEA мәдени орталығында орналасқан.