Фото

Қазақстанда шоқыну мерекесі қалай өтті – фото

Sputnik

Әйтсе де, діни ұстанымды жоғары қойып, өз денсаулығына сенімді азаматтар үшін кейбір қалаларда иорданилер, яғни, шомылуға арналған ойықтар ашық болды.

Қызылордада қалалық шіркеу маңына жабық бассейн әзірленді. Бірақ қызылордалықтардың басым бөлігі қауіпсіздікті әрі өз денсаулықтарын ойлап, шомылудан бас тартты.

Оқи отырыңыз: Полярлық шұғыла: ерекше табиғат құбылысын қашан көруге болады – фото

Ал Алматыда мұндай бес орын арнайы ашылды. Елдегі ең аязды аймақтардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысында шоқыну шомылуында айтарлықтай өзгерістер бола қойған жоқ. Өңірдегі шіркеу қызметкерлері тұрғындарды санитарлық талаптарды сақтауға және кезек туындатпауға шақырды.

Қазақстанда бұл діни мереке қалай өткенін суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

1 / 12
Алматы қаласындағы Вознесенск кафедралық ғибадатханасында Астана мен Қазақстан митрополиті Александр түнгі Тәңірлік литургияны және суды қасиеттеу рәсімін орындады.
2 / 12
Арнайы дайындалған мұзды ойыққа суды қасиеттеу рәсімі орындалғаннан кейін ғана шомылу керек. Әдетте бұл 18 қаңтар түнінде орындалады. Еліміздің ең суық аймақтарының бірі – Петропавлда санитар дәрігерлер шомылуға рұқсат берді.
3 / 12
Астана мен Қазақстан митрополиті Александр мерекелік рәсім өткізіп жатыр.
4 / 12
Осы жылы шомылуға барғандар қарасының аз екеніне қарамастан, нағыз батылдар суға түсуге асығуда.
5 / 12
Алматыдағы шоқыну шомылуы биыл "қысқартылған"режимде өтті. Мегополисте діни шомылу рәсімін өткізуге тек бес арнайы орын ашылды.
6 / 12
Полицейлер мен құтқарушылар Петропавлдағы су ойығындағы шомылу кезінде әлеуметтік ара қашықтық пен қауіпсіздікті бақылап тұр.
7 / 12
Адамдар шоқыну мерекесінде қасиеттелген суды құйып алуда. Дәстүр бойынша, суды шіркеуден немесе су ойығынан алуға болады.
8 / 12
Шіркеуге келген әйел шырақ жағуда.
9 / 12
Қызылордада шіркеу ауласына шоқыну шомылуына арналған бассейн. Алайда, мұнда ешбір қызылордалық шомылған жоқ. Олар бұл рәсімнен бас тартқан секілді.
10 / 12
Құтқарушылардың мәліметі бойынша, Алматыдағы су ойығына бірнеше жүз адам ғана суға түскен. Әдетте, жыл сайын мұндай діни рәсімді орындайтындардың саны мыңнан асып түсетін.
11 / 12
Әйтсе де, Қызылордадағы қасиетті су құйылған цистернадан су аламын деушілер кезекке тұрды.
12 / 12
Шоқыну шомылулары кешке дейін жалғасады. Ал дәстүр бойынша бұл мереке бір аптаға созылады.