НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Бүгін инаугурациясы өтіп, ел билігін қолына алатын Джо Байден Американың негізгі серіктесі – Германиямен ресейлік газ құбырына қатысты шиеленіскен мәселенің күрмеуін шешуі тиіс, деп хабарлайды Sputnik радиосы.
Америка Құрама Штаттары "Солтүстік ағын – 2" жобасының құрылысына қатысатын ресейлік "Фортуна" құбыр төсеуші кемеге қатысты санкциялар енгізді. Германиялық БАҚ-тың хабарлауынша, Американың Берлиндегі елшілігі Германия үкіметіне жаңа шектеу шараларын енгізу жоспары туралы хабарлаған.
Бұл ескертуге неміс билігі аса мазасыздана қойған жоқ. Олар бар болғаны "мұны қынжыла отырып, назарға алғандарын" айтты. Бұл бір күн бұрын болған оқиғаның үйлесімді жалғасына айналды.
Бұл Бернстің өз бастамасы емес екені айқын. Ол Вашингтон ұсынысын елге жеткізді. Алайда немістер бұл ұсынысқа қол сілтеді. Бундестагтың энергетика комитетінің басшысы Клаус Эрнст Германияның энергетикалық саясатын АҚШ-пен талқылауды "мүлде орынсыз" деп атады. Ол "Солтүстік ағын – 2" құрылысы тек Еуропаға қатысты мәселе екенін және тиісті рұқсаты бар екенін еске салып, оның мейлінше жылдам салынып бітуіне тілектестік білдірді.
Дональд Трамптың президенттігі ең сәтсіз оқиға ретінде саналатын және демократтар оны қайта тірілтуге ниеттенген Американың соңғы онжылдықтардағы сыртқы саясаты көбінесе жаһандық сипатта бейнеленіп келеді. Онда негізгі және маңыздылығы бірдей қос құрауыш бар – процедуралық-институционалдық және идеологиялық.
Идеология үшін либералды және озық идеялардың ауқымды кешені жауап береді. Олар ЛГБТ мәселесінен бастап адамзаттың етті жеуден бас тартуына дейінгі "аса күрделі" идеялармен айналысады. Мойындау керек, мұны жақтаушылардың идеяны қолдамайтындарға қысым көрсетуі бара-бара күшейіп келеді.
Институционалдық бөлім де көпшілікке жақсы таныс және бұл ұлттық органдардан жоғары ұйымдар, құжаттар мен рәсімдер жүйесі ретінде танылады. АҚШ әлемдегі барлық жағдай мен оқиғалардың өрбуін өзіне пайдалы етуге тырысып, өзінің жаһандық көшбасшылығын біржолата бекітуді мақсат тұтты деген пікір кең тараған және бұл орынсыз емес.
Бір нәрсенің дұрыс болмай жатқаны бұрыннан байқалды. Көптеген ел өздеріне қатысты әділетсіз жүйеде бірде жеңуді, бірде жеңілуді үйренді. Ресей және оның ДСҰ ережелерін өз пайдасына икемдеп сәтті қолдануы осы айтылғанның айқын үлгісі бола алады. Бұл туралы Дональд Трамп төрт жыл бойы қайталаудан танбастан, АҚШ-ты көптеген халықаралық шарттар мен ұйымдардан шығарды: шындығында олар Америка үшін бәрі ойлағандай тиімді емес.
"Солтүстік ағын – 2" жобасының айналасында да дәл осы әрекеттер болып жатыр. Соңғы айларда мұхиттың арғы жағындағы санкциялар газ құбырының құрылысына еш кедергі келтірмейтіндей қадамдар жасалды. "Фортунаның" иелері де ауысты. Мекленбург – Алдыңғы Померания жерінің парламенті жобаның операциялық қызметіне көмектесуі тиіс қор құрды.
Ең қызығы, немістер осы құрылымның арқасында бір оқпен екі қоянды атып алмақшы: құрылысқа қолдау көрсетуден басқа, олар оған ақпараттық және идеологиялық қолдау көрсетеді. Себебі, жаңа ұйым "Мекленбург – Алдыңғы Померания климаты және қоршаған ортаны қорғау қоры" деп аталады және "Германияның климаттық мақсаттарына қол жеткізу" ресми мақсаты болып саналады. Осылайша, экологиялық мәселе күн тәртібіне қойылып отыр. Өйткені ел ішінде "жасыл экономиканы"жақтаушыларды "Солтүстік ағын – 2" жобасы үшін белсенді қолдануда.
Джо Баййденнің командасының алдында күрделі мәселе тұр. Олар Трамп секілді бүкіл әлемге жар сала отырып, стратегиялық маңызы бар серіктесіне санкциялар қолдана алмайды. Себебі, бұл демократтардың батыстағы бірлікті қалпына келтіру туралы ұстанымдарына қарама-қайшы келеді. Әрі Германия АҚШ-тың идеологиялық одақтасы екенін мейлінше білдіруге тырысып жатыр. Мұны немістердің Ресейде Алексей Навальныйды тұтқындауға байланысты наразылығынан байқауға болады.
Немістер мен америкалықтар газ құбыры аясындағы мәселелерді өзара талқылауы бірнеше айға созылуы мүмкін. Олар қандай да бір мәмілеге келгенге дейін "Солтүстік ағын – 2" құрылысы аяқталады да, америкалықтарға қол сермеуге тым кеш болады.
Нәтижесінде Джо Байден президент қызметіне кіріскен алғашқы күннен бастап жаңа әкімшілік аса пайдасыз трампшылдықты немесе идеология тұрғысынан дұрыс, бірақ тиімді емес жаһаншылдықты таңдауы керек болады.