НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден инаугурациядан кейін бірден Стратегиялық шабуылдау қарулануды одан әрі қысқарту және шектеу шаралары туралы келісімшартты (СШҚК) ұзарту туралы мәселені қарастырады. Әскери саясаттанушы Андрей Кошкин Американың осы ниеті туралы ойын ортаға салды.
Оның айтуынша, Ақ үйдегі жаңа команда аталған келісімшартты ұзартуға қол жеткізуге тырысады. Мемлекеттік хатшы қызметіне үміткер әкімшілік зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне қатысты кез келген шектеулерге келісе бермейтінін айтты.
Sputnik радиосының эфирінде әскери саясаттанушы, Плеханов атындағы РЭУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі Андрей Кошкин осы мәселеге қатысты пікір білдірді.
"Байден әкімшілігінің СШҚК-3 келісімінің мерзімін ұзартуға талпынысы қолдау көрсетуге тұрарлық. Белгілі бір жағдайда бұл АҚШ пен Ресей Федерациясы арасындағы өзара әрекеттестік бағдарын өзгертіп отыр. Ядролық қарулану жарысын тоқтататын механизмдерді сақтауға деген бұл ұмтылыс Америка Құрама Штаттарының стратегиялық қарулануды ұстап тұру құралдарындағы басқа саясаттың бастамасы болатын шығар. Бұл мемлекеттердің, соның ішінде, АҚШ-тың ядролық құралдарын толық көлемде бақылауға мүмкіндік беретін басқа жаңа келісімдер жасауға алып келуі ықтимал", - деді Андрей Кошкин.
Ресей мен АҚШ арасындағы СШҚК-3 келісімшарты 2011 жылдың 5 ақпанынан бастап күшіне енген. Ол жеті жылдан кейін қару-жарақтың құрлықаралық баллистикалық зымыран, сүңгуір қайықтардағы баллистикалық зымыран және ауыр бомбалаушылардың жалпы саны 700-ден аспауын, сондай-ақ, 1 550 оқтұмсық пен 800 іске қосу қондырғылары шегінде болатындай етіп тараптардың әрқайсысы өз ядролық арсеналын қысқартуын қарастырады.
Қазіргі уақытта СШҚК-3 Ресей мен АҚШ арасындағы қару-жарақты шектеу жөніндегі жалғыз құжат. Оның мерзімі 2021 жылдың 5 ақпанында аяқталады.