Өңірлер

Қарағанды тұрғынына "көмектескен" ер адамды полиция ұстады

Қарағандылықтың телефонына мобильді қосымша орнатып берген бейтаныс адам оның депозитінен 400 мың теңге аударып алған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қарағандыда өзге адамның депозитіндегі қаражатты ұрлаған адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

17 қаңтарда Қарағанды қалалық ПБ орталық полиция бөліміне 41 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті.

Ол ұялы телефонына мобильді қосымша орнатып беремін деген белгісіз адамға сеніп, ұялы телефонын берген. Ер адам тіпті өтінішті орындаған бейтаныс адамға алғысын білдірген.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында қайын атасының ақшасын ұрлаған әйел ұятқа қалды 

Біраз уақыттан кейін өтініш берушіге оның депозитінен басқа бір шотқа 400 мың теңге аударылғаны туралы SMS хабарлама келген.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 31 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.