Әлем

Трамп қоштасу видеосын түсірді – БАҚ

Қоштасу видеосында Дональд Трамп өзі президент болған 4 жыл ішінде Америка қандай жетістіктерге жеткені туралы айтты
Sputnik

АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Америка құрама штаттарының 45-ші президенті Дональд Трамп қызметінен кетер алдында қоштасу видеосын түсірді. Ол өзі президент болған жылдардағы жетістіктер туралы айтты, деп жазды РИА Новости шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Трамп әкімшілігіндегі дереккөздің хабарлауынша, видео 18 қаңтарда түсірілген. 20 қаңтарда жарияланады деп жоспарланған, алайда нақты уақыты әлі хабарланбады.

Видеода Трамп президент болып тұрған кезде жеткен жетістіктері жайлы айтады. Сондай-ақ, жаңа әкімшілік туралы не айтатыны әлі белгісіз.

Айта кетейік, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байденнің инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді. Дональд Трамп инаугурацияға қатысудан бас тартты.

Ол екі рет импичмент жарияланған алғашқы президент. Дауыс беру Капитолийге қазіргі президенттің жақтастары шабуыл жасаған соң бір аптадан кейін өтті.

Трампты биліктен аластату үшін төменгі палатаның 232 мүшесі, оның ішінде он республикашыл дауыс берді, 197-сі қарсы болды.

Импичмент жарияланғаннан кейінгі мәлімдемесінде Трамп сенат шешіміне қатысты ешқандай пікір білдірмеді.