Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында "Шығыс Қазақстанды газдандыру: Ресейден газ тартыла ма?" деген тақырыпта видеокөпір басталды.
Қазақстан Барнаул – Рубцовск – Семей – Өскемен бағыты бойынша газ құбырын тарту арқылы шығыс өңірлерді газдандырғысы келеді.
Сонымен қатар, құбырды Павлодар облысына қарай бұру жоспарланып отыр.
Газ құбырының құрылысы 2,1 миллион адам тұратын өңірлердің тұрғындарын газдандыруға мүмкіндік береді. Тұтыну көлемі жылына 2,3 миллиард текше метр деңгейінде бағалануда.
Қазіргі уақытта "ҚазТрансГаз" бен "Газпром" арасында жұмыс тобы құрылды. Мәселе Ресей тарапымен пысықталып жатыр.
Премьер-министр Асқар Мамин 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін Шығыс Қазақстан облысын газдандыру тұжырымдамасын дайындауды тапсырды.