2018 жылы атыстардың бірінде аяғынан айырылған Мұхаммед жарақат алғанға дейін футбол ойнап, марафондарда жүгірген. Енді ол бір аяғымен болса да, халықаралық спорттық шараларда ел намысын қорғау арманын жүзеге асыруға бел буып отыр.
Бір аяғы кесілген Ахмед те паркурмен (кедергіден өту) айналысады. Өз шеберлігін көрсету үшін жастар протезін шешіп, қоршаулар мен қабырғалардан ептілікпен секіріп жүр.
Спортшылар сонымен қатар баскетбол, футбол ойнайды және өз командасын құруды армандайды.