Қоғам

Пневмония мен коронавирустан 15 адам қайтыс болды

Пандемия басталғалы коронавирустан 2 408 адам, ал пневмониядан 538 науқас көз жұмғаны хабарланып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 11 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 4 адам көз жұмды. 

17 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясынан 24 373 адам емделіп жатыр (12 653 КВИ+ және 11 720 КВИ-), олардың 6 296-сы стационарлық, 18 077 науқас амбулаторлық жағдайда ем қабылдауда.

Науқастар арасында КВИ+ және КВИ-:

  • ауыр жағдайда – 294 адам,
  • өте ауыр хәлде – 64 адам;
  • өкпені жасанды желдету аппаратына 45 адам қосылды.

Пандемия басталғалы коронавирустан 2 408 адам, ал пневмониядан 538 адам көз жұмды.