НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың таралу аумағы жөніндегі деректерді жаңартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Нұр-Сұлтан қызыл аймаққа кірді. Бұл қалада жаңа шектеулер енгізілетінін білдіреді.
Қызыл аймаққа астанадан басқа Ақмола мен Қостанай облысы енген.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды
Ал сары аймаққа Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысы енген.
Бұдан өзге өңірлердің барлығы жасыл аймақта.