Әлем

Ресей теңіз кемелерін жаңарта ма

1144 "Орлан" жобасының крейсерлері әуе тасымалдағыштан кейінгі әлемдегі ірі соғыс кемелері болып табылады. Сыйымдылығы – 25,8 мың тонна, ұзындығы – 250 метр, ені – 28,5 метр, экипаж саны – 760 адам
Sputnik

Жаңа зымырандар, заманауи борттық жабдықтар, бірегей әскери мүмкіндіктер – 1144 "Орлан" жобасының "Адмирал Нахимов" атты ауыр атомдық зымыран крейсері "Петр Великий" орнына Ресей әскери теңіз кешеніне қызметке түседі. Бұл 2022 жылы іске асады деп болжанып отыр.

Алғашқы қадам 

1144 "Орлан" жобасының крейсерлері әуе тасымалдағыштан кейінгі әлемдегі ірі соғыс кемелері болып табылады. Сыйымдылығы – 25,8 мың тонна, ұзындығы – 250 метр, ені – 28,5 метр, экипаж саны – 760 адам. 

Ресейде осы типтегі екі вымпел бар. "Петр Великий" Солтүстік флоттың құрамында жұмыс істейді. Бірақ "Нахимов" қолданысқа енгізілген сәттен бастап оны модернизацияға жөнелтеді. Екеуі де кез-келген нысананы жоюға қабілетті толық қаруланған теңіз платформалары. Стандартты жиынтық - П-700 "Гранит" кемеге қарсы зымырандарының 20 іске қосу қондырғысы, "Оса-М", "Кинжал" зениттік-зымырандық кешендері және С-300Ф "Форт" алыс қашықтықта әрекет ету зымыраны және "Метел" және "Водопад" кемеге қарсы зымыран торпедалар, АК-130 реактивті бомбометтер мен автоматты қос ұңғылы зеңбірек. 

Ресейде жаңа әскери кеме сынақтан өтті

Атомдық энергетикалық қондырғысы, автономдылығы екі ай болса, жылдамдығы 31 торапты құрайды. Жүрісінің қашықтығы шектеусіз деуге болады. Крейсерлер Қиыр Солтүстік жағдайында да жұмыс істей алады және Ресейдің Арктика аймағында әскери қатысуын қамтамасыз етуге қабілетті. Бұл аймақты көптеген сарапшылар жақын болашақта табиғи ресурстар үшін соғыс өтетін алаң деп санайды. 

Алайда, барлық кемелер уақыт өте келе тозады. Егер 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында "Орландар" кез-келген жауға төтеп бере алса, бүгінде жағдай өзгерді. Ресейде бірінші дәрежедегі соғыс кемелерін жасауда әлі де қиындықтар бар болғандықтан, қорғаныс министрлігі қолда бар кемелерді жаңартып, оларға бірінші кезекте жаңа қару-жарақ орнату туралы шешім қабылдады.

Кешен платформасы 

"Адмирал Нахимов" кемесі 1999 жылы жөндеуге жіберілген. Бірақ іс жүзінде крейсердегі жөндеу жұмыстары қорғаныс өнеркәсібіне ауқымды қаражат бөлінген 2013 жылы басталды. 2015 жылға қарай Северодвинскідегі "Севмаш" кәсіпорнында кемеден ескі жабдық шешіліп, корпусындағы ақауларға зерттеу жүргізілді. Модернизацияны 2018 жылға дейін аяқтау жоспарланған болатын. Бірақ бұл мерзім бірнеше рет кейінге шегерілді. Жөндеу жұмыстары борттағы құрал-жабдықтар мен қару-жараққа жаңа жабдықтарды енгізу арқылы пысықталды.

Өткен жылдың мамыр айында Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Алексей Криворучко ауыр крейсерге алғашқылардың бірі болып "Циркон" гипердыбысты зымырандарын орнатылатынын мәлімдеді. Олар нысанаға дыбыс жылдамдығынан тоғыз есе жылдам ұшып жетеді. Соның арқасында "Циркон" кез-келген әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі үшін алынбас қамалдай. Қашықтығы 1000 шақырымға жуықтайды. Осылайша, "Циркон" америкаық "Гарпун" дыбысқа дейінгі кемеге қарсы зымырандарынан асып түсетін түрі бар. 

"Орландардың" әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс жүйесі барлық кезде мінсіз болып келді. Модернизацияға дейін "Нахимовта" С-300Ф "Форт" ЗЗЖ болса, енді оған С-400-дің әлдеқайда жетілдірілген әскери-теңіз нұсқасы орнатылады. Түрлі типтегі зениттік оқ-дәрімен оқ ататын бұл кешен "көзге көрінбейтін" ұшақтар мен қанатты және баллистикалық басқа да нысандарға тосқауыл бола алады. 40Н6 жүйесінің зымырандары нысандарды 400 километр қашықтықтан дәлдей алады. "Адмирал Нахимовқа" С-400 ЗЗЖ-ның 96 іске қосу шахтасы орнатылады деп болжануда. Бұл осы кемені әлемдегі әуедегі шабуылдан ең жоғары деңгейде қорғалған кеменің бірі етеді. 

Сексен ұяшық 

Сонымен қатар, жақын аймаққа арналған "Кортик" зениттік-зымыран жүйесінің орнына"Панцирь-МЕ", "Оса-М" зениттік зымырандарының орнына "Редут" жаңа жүйесі келеді. Алайда, модернизация көбіне соққы жасау кешендеріне жүргізілмек. "Циркон", "Адмирал Нахимовтан" бөлек тағы П-800 "Оникс" кемеге қарсы зымырандары және "Калибр" қанатты зымырандары да орнатылады. 

"Граниттер" бір кездері қуатты қару болған. Оның жылдамдығы үш Мах, қашықтығы 625 киломтерге жетті. Бес жүз килотонналық ядролық оқтұмсық бір соққымен авиатасымалдағышты да жойып жіберуі мүмкін. Бірақ көлемі үлкен - ұзындығы он метр және салмағы жеті тонна. Жаңа кемеге қарсы зымырандардың қуаты аз болғанымен, олар әлдеқайда жедел және дәлдігі жоғары. 

Қырымда әмбебап кемелер жасалады: ресейлік "Мистральдің" ерекшеліктері қандай

Крейсердің кемеге қарсы қаруы да жаңартылады. "Адмирал Нахимовке" жақын қашықтықтағы торпедалар мен суасты қайықтарынан қорғайтын "Пакет-НК" кешені орнатылады. "Пакет-НК" жоғары автоматтандырылған. Ол нысанды өз бетінше анықтайды және саралайды, қозғалыс параметрлерін нақтылап, торпедоға нақты нысан мәліметін ұсынады. 

Сол сияқты, крейсердің электроникасы да толық модернизацияланады. Бұл кеме экипажының жағдай туралы хабардар болуын едәуір арттырады және борттағы қаруды қолдану мүмкіндігін әлдеқайда кеңейтеді. Сонымен қатар, крейсерге байланыс пен навигацияның жетілдірілген жүйелері, радиоэлектронды қорғаныс кешендері және жаңартылған үш Ка-27М палубалық тікұшақтарымен қамтамасыз етеді. Бұл машиналар экипаждың ықтимал жаудың сүңгуір қайықтарын табуын айтарлықтай жеңілдетеді.